×

Leaders Talk: Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді

Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама

 Дәурен Ерболат 12.05.2023 | 14:28
Фото: Telegram/Aqorda

Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасының эфирінен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың даму перспективаларына, қазақ-қытай қарым-қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап береді, - деп жазылған хабарламада.

Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама. Бұған дейін оған 20-дан аса мемлекеттің басшысы мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзив сұхбат берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама