×

Теннистен Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты

Австралиялықтар – 16 жасқа дейінгілер арасында әлемдік деңгейде 6 рет жеңіске жеткен команда

 Дастан Жұмабекұлы 11.05.2023 | 15:51
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Осы күндері Қазақстан құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Juniors Davis Cup әлем чемпионаты іріктеу турнирінің ширек финалында Австралия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Австралиялықтар – 16 жасқа дейінгілер арасында әлемдік деңгейде 6 рет жеңіске жеткен команда.

Осы матчтың есебінен кейін 16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының топтық кезеңіне шықты. Ал бір апта бұрын қыздар құрамасы әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

Жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг және Дэвис кубогының финалдық сайыстары күзде Испанияның Кордоба қаласында өтеді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама