×

Бокстан ӘЧ: Өзбекстан атынан шығып жатқан қазақ жартылай финалға шықты

Оған дейін Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңген еді

 Еркеғали Болатұлы 10.05.2023 | 17:28
фото: Өзбекстан Бокс федерациясы

Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында өзбекстандық Руслан Абдуллаев жартылай финалға шықты.

Қазақ жігіті 63,5 келіге дейінгі салмақта франциялық Лунес Амрауимен күш сынасты. Жекпе-жек қорытындысында төрешілердің төртеуі жеңісті Руслан Абдуллаевқа берді. Осылайша, жартылай финалға өткен ол кемінде қола медаль алады.

Бұл ретте Руслан Абдуллаев финалға шығу үшін олимпиада мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, армениялық Оганес Бачковпен жұдырықтасады.

Еске сала кетсек, Руслан Абдуллаев осыдан 3-4 жыл бұрын Қазақстанға келіп, ел құрамасына ілігуді мақсат еткенмен, ол ойы орындалмай, Өзбекстанға қайта кетіп қалған болатын.

Еске сала кетсек, оған дейін Қытай құрамасындағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутпен жеңген еді. Ал Қазақстан құрамасынан Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауов ширек финалға өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама