×

Көлік прокурорлары теміржол билетінің құнын төмендетпек

Бүгінде теміржол билетін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды

 Динара Амантай 10.05.2023 | 11:46
Фото: egemen.kz

Көлік прокурорлары теміржол билетінің құнын төмендетуді көздеп отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығын зерделеді.

Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласының заңсыз енгізілгені анықталды. Бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттауына мүмкіндік берген. Осы нормативтік актіге биыл 21 ақпанда Бас көлік прокуратурасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне наразылық білдіріп, ол толық көлемде қанағаттандырылды.

Бүгінде теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды. Осы норманы алып тастау туралы бұйрықтың жобасы уәкілетті органдармен келісілу сатысында.

Прокуратура бастамасымен енгізілген түзетулер жолаушыларға пойыздарда жүру құнын едәуір төмендетуге және билеттердің шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама