Астананы түтін басты: ТЖД түсінік берді

Динара Амантай

Қаланың саяжайлары мен тұрғын алаптарында профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі

Фото: nur.kz

Елордалық ТЖД қызметіне қалада жайлаған түтінге байланысты болуы мүмкін өрттер туралы сұраулар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты ведомство түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, қазіргі жағдай бойынша қала аумағында табиғи жану тіркелмеген. Қаладағы жағдай көршілес аумақтағы Ақмола облысындағы Бурабай және Зеренді аудандандарындағы құрғақ шөптің өртенуінен және Павлодар облысындағы өртенулерден болуы мүмкін.

Халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында Департамент қаланың саяжайлары мен тұрғын алаптарында дауыс зорайтқыш құрылғылары бар техниканы жұмылдыра отырып, профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.