Президент Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери парадты тамашалады
Шараға ТМД елдерінің басшылары да барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Президент Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Парадта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян болды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ТМД елдерінің басшыларына алғыс айтқанын хабарлаған болатынбыз.