×

Владимир Путин ТМД елдерінің басшыларына алғыс айтты

Ортақ жеңіске КСРО-ның барлық халықтары үлес қосты

 Динара Амантай 09.05.2023 | 14:00
Фото: видеодан скриншот

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин бүгін Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысуға келген ТМД елдерінің басшыларына алғыс айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының осында жиналуы өте маңызды. Бұдан мен ата-бабаларымыздың ерлігіне деген ризашылықты көремін. Олар бірге күресіп, бірге жеңіске жетті. Ортақ жеңіске КСРО-ның барлық халықтары үлес қосты, – деді Владимир Путин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өтетін әскери парадқа қатысатынын хабарлаған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама