×

Қоңқабаев - Джалолов жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Жанкүйерлер екі боксшы арасындағы жекпе-жекті асыға күтеді

 Халық үні 08.05.2023 | 06:24
фото: ашық дереккөзден

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) ширек финалда өзбекстандық Баходир Джалоловпен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жанкүйерлер екі боксшы арасындағы жекпе-жекті асыға күтеді. Әлем чемпионаты басталар алдында да олардың кездесуі жөнінде пікір айтқандар аз емес.

Қамшыбек Қоңқабаев 7 мамырда сириялық Мохаммед Млайесті жеңіп, ширек финалға өтті.

Одан бұрын Алексей Дроновтың осал тұсын тапты.

Ал Баходир Джалолов алдымен Бахрейн боксшысы Данис Латыповты жеңсе, одан кейін аустралиялық Теремоан Джуниорды тізе бүктірді.

Қоңқабаев - Джалолов кездесуі 10 мамырға белгіленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама