Сәкен Бибосынов алғашқы кездесуінде-ақ жарыс жолынан шығып қалды (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Үндістандық Дипак Кумарға есе жіберді

фото: olympic.kz

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, үндістандық Дипак Кумарға есе жіберіп, бірден жарыс жолынан шығып қалды.