×

Емхана маңында жедел жәрдем көлігі жанып кетті

Автокөлік газбен жабдықталған

 Наима Нұрәлі 07.05.2023 | 09:50
Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Оқыс оқиға 6 мамырда таңғы сағат 9:21-де Қапан Мусин көшесінде болған.

№4 қалалық емхана маңында жедел жәрдем көлігі отқа оранды. Автокөлік газбен жабдықталған. Өрт сөндіру құралы қолданылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 09:41-де оқшауланып, сағат 09:45-те толық сөндірді, – деді басқарма өкілі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама