×

Боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатын жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Отандасымыз Малидің спортшысы Абдул Карим Батилиді ұтты

 Дастан Жұмабекұлы 05.05.2023 | 14:51
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының 57 келі салмақтағы өкілі Серік Теміржанов жарысты жеңіспен бастады.

Ол 1/16 финалда Малидің спортшысы Абдул Карим Батилимен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте боксшымыз төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, тағы бір боксшымыз 1/8 финалға шықты.

Айта кетсек, Серік Теміржанов – 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама