×

Ресей Кремльге шабуылдан кейін Киевке дрон жіберді (ВИДЕО)

РФ Қарулы күштері Украинаның астанасын ракетаның баллистикалық түрімен де атқылаған

 Дастан Жұмабекұлы 05.05.2023 | 08:18
фото: ашық дереккөз

Ресей Кремльге шабуылдан кейін Украинаның астанасы – Киев қаласы мен Киев облысына ұшқышсыз басқарылатын ұшақтармен соққы берді. Олардың көбісі атып түсірілді.

Киев қаласы пен Киев облысында әуе қорғаныс жүйесі іске қосылып, Ираннан Ресей қарулы күштеріне берілген Shahed дрондарының бірінен соң бірінің көзі жойылды. Сонымен бірге Киев облысында Bayraktar TB2 ұшқышсыз аппараттары атып түсірілді.

Киев қалалық әскери әкімдігінің мәліметінше, РФ Қарулы күштері Украинаның астанасын ракетаның баллистикалық түрімен де атқылаған. Оларды Украинның әуе қорғанысы күштері нысанаға жеткізбей, жойып жіберген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама