×

Омбыда әскери комиссариатты өртегені үшін қазақстандық 13 жылға сотталды

2022 жылдың мамыр айында Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын өзінің танысымен бірге тұтандырғыш қоспаның көмегімен өртеп жіберген Қазақстан азаматы 13 жылға бас бостандығынан айырылды

 Халық үні 05.05.2023 | 06:36
ашық дереккөзден

2022 жылдың мамыр айында Омбыдағы әскери комиссариат ғимаратын өзінің танысымен бірге тұтандырғыш қоспаның көмегімен өртеп жіберген Қазақстан азаматы 13 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ТАСС.

«1-ші Шығыс аудандық әскери сотының шешімімен Аңсаған Молдахметов Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205-бабының 2-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, яғни алдын ала сөз байласу арқылы өзгелермен бірлесіп, ғимаратты өртеген, бұл мүліктік залалға әкеп соқтырды және ол 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады», - деді Ресейдің Омбы облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының ресми өкілі Ирина Руснак.

Сот 2022 жылдың мамырында Telegram мессенджерінде сотталған адам анонимді пайдаланушыдан 6 миллион теңгеге (шамамен 1 миллион рубль) әскери комиссариат ғимаратын өртеу туралы ұсыныс алғанын анықтады.

Ер адам мен оның танысы Сейіл Мұратұлы Омбыға келіп, тапсырыс беруші ұсынған нұсқаулыққа сәйкес тұтандырғыш қоспасы бар бөтелке дайындаған. Түнде олар орталық және кеңестік округ бойынша әскери комиссариат ғимаратын өртеп, қашып кетті. Молдахметов Қазақстан аумағынан Ресейге кірмек болған кезде Ресей құқық қорғау органдарының үйлестірілген іс-қимылдарының нәтижесінде ұсталды. Оның серіктесіне мемлекетаралық іздестіру жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама