×

Дүкеннің төбесі құлап, 1 адам көз жұмды

Онда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр

 Дәурен Ерболат 04.05.2023 | 17:52
Фото: lentv24.ru

Қызылорда қаласында дүкеннің төбесі құлап, Өзбекстан азаматы қаза тапты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 15:11-де болды. Қаладағы Төреқұлов көшесінің бойында жаңадан салынып жатқан екі қабатты дүкеннің төбесі құлаған.

Оқиға орнында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан 1996 жылғы өзбекстандық қаза тапты. ТЖД жедел құтқару жасағының күшімен мәйіт үйінді астынан шығарылды, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама