×

Павлодарлықтар қаржы пирамидасына 1,4 млрд теңге салған

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Дәурен Ерболат 04.05.2023 | 12:40
Фото: Halyq Uni

Павлодарда тұрғындар қаржы пирамидасына алданып қалды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Биыл сәуірдің басында өзін инвестициялық компания ретінде жарнамалаған HAS Holding қаржы пирамидасы жұмысын тоқтатқан. Ұйымдастырушылар қазақстандықтарды алдап, компанияға салынған ақшаның 70%-ға дейінгі бөлігі ай сайын пассивті кіріс ретінде түсіп отырады деп уәде берген.

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің саны күн сайын өсіп жатыр. Бүгінде 154 адамнан өтініш түсті. Оларға 1,4 млрд теңге залал келтірілді.

Has Holding компаниялар тобының мемлекеттік сатып алуға қатысы жоқ. Оның техникасы, жылжымайтын мүлкі жоқ, штат саны бір-екі адамнан ғана тұрады. Кеден органдары компания Қытайдан тауар жеткізбегенін растады. Ресейден тауарларды жеткізу фактілері тіркелмеген, – деп жазылған хабарламада.

Алматы базарлары мен барахолкалардан сатып алған кейбір Қытай тауарлары Q-mart дүкендері арқылы сатылған. Қаржы пирамидасы салымшыларға 180 мың теңгеге тауарларға сертификаттар сатып алуға міндеттеген.

Ұйымдастырушылар «Мидас» және «Авангард» тұрғын үй кешендерінің құрылысы туралы айтқан. Бірақ компанияның тіпті құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясы болмаған. Жоспарланған құрылыс орнында бірнеше темір ғана қағылған, - деп жазылған хабарламада.

Кез келген қаржы пирамидасындағы алынған ақшаның бір бөлігі салымшыларға пайызын төлеуге жұмсалған.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар қаражатты пирамидаға қайта салуға және қайта инвестициялауға көндірген. Әрбір жаңа салымшы үшін салған соманың 5%-ы пайызы төленген. 

Тергеу барысында 1,4 млрд теңгеге ұйымдастырушылардың мүлкі — көліктер, пәтерлер, жер учаскелері тәркіленді. Осы сомадан жәбірленушілерге келтірілген залал өтеледі.

Зардап шеккендерді тұрғылықты жері немесе 8 (7182) 61-33-05 телефоны бойынша аумақтық экономикалық тергеу департаментіне хабарласа алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама