Қазақ-өзбек жекпе-жегі: Сағындық Тоғамбай Шохжахон Абдуллаевпен қолғап түйістіреді

Дастан Жұмабекұлы

Отандасымыздың қарсыласы – жастар арасындағы Азия чемпионы

Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының алғашқы жекпе-жегі болады.

Кеше қарсыласын нокаутпен жеңген 86 келі салмақтағы Сағындық Тоғамбай 1/8 финалда жарыс қожайыны – Өзбекстанның чемпионы Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады. 

Өзбекстан өкілі кәсіпқой бокста өнер көрестеді. Ол – жастар арасындағы Азия чемпионы. Ал Абдуллаев кеше әлем чемпионатының бірінші кездесуінде қырғыз боксшысы Еркин Адылбековтен басым түскен болатын.