×

Шымкентте 53 жастағы ер адам қызына бір бүйрегін берді

Бұдан кейін ауруханада бауыр алмастыру отасы жасалады

 Дастан Жұмабекұлы 03.05.2023 | 10:23
фото: ашық дереккөз

Шымкенттегі 53 жастағы ер адам қызына бір бүйрегін берді. Донорлық бүйрек трансплантациясы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында жасалды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, ағза алмастыру операциясы кезінде хирургтер донордың бүйрегін лапароскопиялық әдіспен алып, содан кейін реципиентке трансплантация жасады. Транспланталогиялық күрделі отаны жасау үшін облыстық клиникалық ауруханаға Ұлттық хирургия ғылыми орталығының төрағасы, профессор Болатбек Баймаханов бастаған бір топ дәрігер келді. Білікті мамандар жасаған операция барысын жергілікті хирургтар тікелей эфир арқылы көріп, тәжірибе жинақтады. Бұдан кейін ауруханада бауыр алмастыру отасы жасалады.

Профессор Болатбек Баймұхановтың айтуынша, трансплантацияланған бүйректі имплантациялау операциясы шамамен 1,5 сағатқа созылды. Ұлттық хирургиялық ғылыми орталығының білікті дәрігерлері шеберлік сабағы ретінде облыстық клиникалық аурухана базасында донорлық бүйрек трансплантациясынан бөлек, ісіктерді алып тастау сынды бірнеше күрделі ота жасады. Мастер-класқа облыстық клиникалық аурухананың хирург-дәрігерлері ғана емес, аудандық ауруханалардың басшылары мен мамандары да қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама