×

Оралда қайғылы жағдай болды

Жол апаты салдарынан әйел ауруханада қайтыс болды

 Халық үні 01.05.2023 | 20:23
фото: ашық дереккөзден

Орал қаласында автобус қағып кеткен 58 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

«Шамамен сағат 13.00-де 1970 жылғы жүргізуші №19 бағытпен жүретін автобуспен келе жатып, Құрманғазы көшесіндегі «Бибігүл» кафесі тұсындағы аялдамада «Тойота Камри» автокөлігімен соқтығысқан. Содан рульге ие бола алмай, 1965 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел ауруханада қайтыс болды.

Сондай-ақ автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында тапаншадан оқ атылып, полиция қылмыстық іс қозғағанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама