×

Өскеменде дәмханаға қарумен кірген ер адам жұрттың зәресін алды

Тамақтануға келгендер полиция шақыруға мәжбүр болды

 Халық үні 30.04.2023 | 00:00
фото: pixabay.com

Өскеменде белгісіз ер адам дәмханаға атыс қаруымен кіріп, елдің үрейін ұшырды.

«Қару ұстаған ер адамды ұландықтар ішімдік ішіп отырған жерінен ұстады. Құқықбұзушының белбеуіндегі тапаншаға арналған қапшығы жұрттың көзіне түскен», - деді Қазақстан Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Ер адамның өзімен бірге газ баллондық пневматикалық қару ұстап жүргені анықталды, рұқсат құжаттары болмаған.

Ұландықтар ер адамды полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама