×

«Қызымен бірге тұрған»: Қостанайда 5-қабаттан құлап көз жұмған зейнеткердің өліміне қатысты тың дерек шықты

«Соңғы жылдары сырқаттанып, далаға көп шықпайтын» дейді көршілері

 Халық үні 28.04.2023 | 22:48
Фото: astanatv.kz

Қостанайда 85 жастағы кейуана бесінші қабаттан құлап қаза тапты. Қайғылы жағдайды полиция жазатайым оқиғаға жатқызып отыр. Бірақ зейнеткердің қалай құлағаны белгісіз, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Марқұм шаһардағы Көбеев көшесінің бойындағы бесқабатты үйде үлкен қызымен бірге тұрған. «Соңғы жылдары сырқаттанып, далаға көп шықпайтын» дейді көршілері. Қарияның жоғарыдан құлағанын ешкім байқамапты. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

 «Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Карина Базарбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама