НАТО Украинаға уәде еткен техникасының 98 пайызын жеткізді – Столтенберг

Дастан Жұмабекұлы

Солтүстік Альянс 9 бригаданы соғысқа дайындап, қаруландырған

фото: ашық дереккөз

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік Альянсқа мүше елдердің Украинаға уәде еткен техникасының 98 пайызы жеткізілгенін мәлімдеді.

Альянс бас хатшысының айтуынша, Украина 1 550 әртүрлі БТР, 230 танк (жыл соңына дейін жеткізілетін М1 Abrams-тан басқа) және мыңдаған мылтық түрлері мен бірнеше миллион оқ-дәрі берген. Сонымен бірге, НАТО Украина қарулы күштерінің 9 бригадасын соғысқа дайындап, қаруландырған.

Украина Қорғаныс министрі Алесей Резниковтың айтуынша, М1 Abrams танкісі жыл соңына дейін жеткізілетін болса, ол қарсы шабуылда пайдаланылмауы мүмкін. Ал басқа техникалар қарсы шабуылға шығады.