×

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Ресей құрамасы анықталды (ВИДЕО)

Спортшылардың көбісі – Кавказ өңірінің өкілдері

 Дастан Жұмабекұлы 28.04.2023 | 10:42
фото: rusboxing.ru

Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Ресей ұлттық құрама командасы да анықталды.

Тізімде Кавказ өңірінің былғары қолғап шеберлері көп. Сонымен бірге Саха Республикасының атынан қатысатын боксшы да бар.

Ресей ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Виктор Фархутдинов әлем чемпионатына баратын боксшылардың тізімін жариялады.

48 кг: Эдмонд Худоян (Челябі облысы)

51 кг: Василий Егоров (Мәскеу облысы – Саха Республикасы)

54 кг: Дмитрий Двали (Мәскеу облысы – Забайкальск өлкесі)

57 кг: Эдуард Саввин (Санкт-Петербург)

60 кг: Всеволод Шумков (Санкт-Петербург)

63,5 кг: Габил Мамедов (Орынбор облысы)

67 кг: Тархан Идигов (Шешен Республикасы)

71 кг: Игорь Свиридченков (Воронеж облысы)

75 кг: Павел Сосулин (Санкт-Петербург)

80 кг: Имам Хатаев (Шешен Республикасы)

86 кг: Шарабутдин Атаев (Дағыстан Республикасы)

92 кг: Муслим Гаджимагомедов (Краснодар өлкесі)

+92 кг: Алексей Дронов (Ставрополь өлкесі).

Әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. Оған 104 елден 600-ден аса былғары қолғап шебері қатысады.

30 сәуірде жеребе тарту рәсімі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама