Halyq Uni логотип
×

9 мамырда ардагерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі

Елде 237 ардегер қалған

 Дәурен Ерболат 26.04.2023 | 13:50
9 мамырда ардагерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі
Фото: 24.kz

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Қазақстан ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі. Бұл туралы Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әкімдіктердің ұсынысы бойынша ардагерлерге кемінде 1,5 млн теңге төленеді. 9 мамырда бәріне материалдық ынталандыру беріледі, - деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Тамара Дүйсенова өңірлерде бұл сома жоғары болуы мүмкін екенін жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 237 ардагер бар. Ал былтыр сәуірде елімізде 387 ардагер болған.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында ардагерлерге 2 млн теңгеден берілетіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама