Ол Тамара Дүйсенованың бұрынғы қызметіне келді
Ернар Жеңісұлы Баспаев президент көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Баспаев Дүйсенованың бұрынғы қызметіне келді. Ал Тамара Дүйсенова жақында еңбек министрі болып қайта тағайындалған еді.
ЕРНАР БАСПАЕВ
1979 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. Алматы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі. Әр жылдары әділет министрлігі жанындағы зияткерлік меншік құқығы комитетінде жұмыс істеген, Атырау облысы әділет департаментінің басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы сынды лауазымдар атқарған.