Алматыда тағы бір үй пәтер алуға кеңес берілмейтін тізімге енді

Динара Амантай

Жер телімінің нысаналы мақсатында бұзушылықтар анықталды

Фото: golos-naroda.kz

Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені пәтер алуға кеңес берілмейтін тізімге енді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары заңсыз салынып жатқан тұрғын үйдің пәтерін сату туралы хабарландырудың жарияланғанын анықтады. Жаңа пәтер Шашкин, 42/1 көшесінде орналасқан Maison ТК-інде болып шықты. Ббұл жер телімінің нысаналы мақсаты жерасты автотұрағы бар әкімшілік ғимарат салу және пайдалану еді, ал сәулет-жоспарлау тапсырмасы медициналық пункт салуға алынған.

Басқарма бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарып, құрылысты тоқтата тұру үшін сотқа талап арыз берді. Экономикалық тергеу және Мемлекеттік кірістер департаментіне шара қолдану үшін хат жолданды.

Қала құрылысын бақылау басқармасы тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған бірқатар тұрғын үй кешендері анықталғанын хабарлаған болатынбыз.