Тоқаев Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатысады

Динара Амантай

Президенттің мамыр айындағы мерекелік жоспарлары белгілі болды

Фото: qarmaqshy-tany.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар, Жеңіс күндеріне арналған бірқатар іс-шараға қатысады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді. Ал 9 мамырда Астанада ІІ Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде бесінші жыл қатарынан 9 мамырда әскери шеру өтпейтіні туралы хабарлаған болатынбыз.