Президенттің мамыр айындағы мерекелік жоспарлары белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар, Жеңіс күндеріне арналған бірқатар іс-шараға қатысады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді. Ал 9 мамырда Астанада ІІ Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде бесінші жыл қатарынан 9 мамырда әскери шеру өтпейтіні туралы хабарлаған болатынбыз.