×

КСРО төлқұжатымен жүрген қазақстандықтар жеке куәлік алды

Тұрғындардың мұндай құжатты неге өткізбейтіні белгісіз

 Дәурен Ерболат 24.04.2023 | 12:45
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында КСРО төлқұжатымен жүрген 7 қазақстандық жеке куәлік алды, деп хабарлады Polisia.kz.

1994 жылы елімізде адамның жеке басын куәландыратын құжаттар қолданысқа енгізілді. Алайда кейбір тұрғындарда КСРО төлқұжаты әлі бар.

СҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері оларға жаңа құжат беру жұмысын жүргізіп жатыр.

Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны құжаттарды рәсімдеуге көмек сұрады. Көші-қон полицейлері азаматтығын анықтау рәсімін жүргізді. Тұрғынға жеке куәлік дайындалды. Енді ол Қазақстандағы барлық мемлекеттік қызметті пайдалана алады, – деді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Талғат Әбілов.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама