Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің қызметкерін лауазымынан босатты

Халық үні

Тиісті өкім жария болды

фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда. Тиісті құжатқа президент қол қойды.

ДАНИЯР ЕСИН

1981 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген.

Қаржы полициясы академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстан-Ресей университетін «Экономика» мамандығы бойынша оқып шыққан. РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Заң» мамандығын бітірген. ҚМЭБИ университетінде жетекшілерге арналған ExecutiveMBA-ді игеріп жатыр.

Түрлі жылдары Астана қаласы инвестициялар және даму басқармасын, Астана қаласы дін істері басқармасын, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасын басқарған. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КеАҚ басқарма төрағасы болған«Дзюдо күресі федерациясы» ҚБ президенті. 2021 жылғы наурызда Қауіпсіздік кеңесі ахуалдық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», ​​​​​​​«Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, президент алғысы, елорданы дамытудағы еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталған.​​​​​​​