×

Ресейде орыс жастары шеруге шықты (ВИДЕО)

Олар «Ресей – орыстар үшін, Мәскеу – мәскеуліктер үшін» деп ұрандатқан

 Дастан Жұмабекұлы 19.04.2023 | 15:28
фото: ашық дереккөз

Ресейде Башқұртстан Республикасының астанасы – Уфа қаласында орыс нацистері шеруге шықты.

Видеодан көшеге шыққан бір топ жастың «Ресей – орыстар үшін, Мәскеу – мәскеуліктер үшін» деп ұрандатқанын көруге болады.

Бейнетаспа Instagram-да жарияланды. Жазба астына желі қолданушылары әртүрлі пікір жазған. Біреулері «Бұл – орыс жастарының башқұрт халқына көрсеткен сесі» десе, енді біреулері бұндай жастардың барлық жерде бар екенін алға тартқан. Тағы бір топ «Көшеде кеуде қағып жүргендерді Украинадағы соғысқа апару керек» деген мағынадағы пікірлер қалдырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама