×

Джо Байден отбасының былтырғы табысын жариялады

20,2 мың доллар қайырымдылыққа жұмсалған

 Дастан Жұмабекұлы 19.04.2023 | 12:21
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден мен бірінші ханым Джилл Байден салық декларациясын жариялады.

Ақ үйдің мәліметіне қарағанда, олардың отбасының былтырғы табысы 579,5 мың доллар болған. Оның 169 мың доллары федералды салыққа төленген. Мұнда табыс салығы – 23,8 пайыз.

Сонымен бірге президенттік ерлі-зайыптылардың Делавэр штатында отбасылық үйі бар екені және оған 29 мың доллардан аса салық төленгені айтылған. Джил Байден де Вирджиния штатында 3 100 доллар салық төлеген.

Сондай-ақ АҚШ президенті мен бірінші ханым 20 ұйым арқылы 20,2 мың долларға жуық, яғни табыстың 3,5 пайызын қайырымдылыққа жұмсаған.

2021 жылы Байдендер отбасының жылдық табысы 610 мың доллар болған еді. Яғни, олардың табыстары бір жылда 29 500 долларға азайған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама