«Әскери қызметтің беделін арттырады». Қорғаныс министрлігі жаңа сериал түсіріп жатыр
Қоғамда әскери қызмет туралы түрлі пікір бар
Бүгінде әскери қызметтің тартымдылығын арттыру үшін 10 бөлімнен тұратын сериал түсіріліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің басшысы Тілеухан Басқожаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«(Сарбаздардың өлімі туралы, – автор) бұл мәселенің түйіні тарқалмай келе жатыр деген таяз пікір бар. Жалпы әскери қызметтің тартымдылығы мен беделін арттыру және жас сарбаздарды әскерге шақыруға ынталандыру үшін бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр... Сондай-ақ кино, бейнероликтер түсіріледі», - деді Тілеухан Басқожаев Сенат кулуарында.
Бүгінде ол әскерилер туралы сериалдың түсіріліп жатқанын атап өтті.
Бүгінде сериал Алматыдағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты Десант шабуылдау факультетінде түсіріліп жатыр. Ол 10 бөлімнен тұрады. Әскери сериалдың бюджетін MG Production cтудиясынан біле аласыз. 2024 жылы «Хабар» телеарнасы да осындай сериал түсіреді. Оның ақшасы бекітілген. Сценарийді өзіміз пысықтап жатырмыз. Болашақта оның үлкен әсері болады деген сенімдеміз, - деп сөзін түйіндеді басқарма басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Бас әскери прокуратура суицид көбінесе әскерде болады деген пікір шындыққа жанаспайтынын жеткізген болатын.