×

Ақтөбеде 84 млн теңгеге жөнделген орталық гүлзардың сау тамтығы қалмаған

Жауаптылар «бәріне ауа райы кінәлі» деп отыр

 Еркеғали Болатұлы 18.04.2023 | 10:25
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде былтыр ғана жаңартылған орталық гүлзардың бір жылға жетпей тоз-тозы шыққан, деп хабарлады 31 арна.

Демалыс орнын күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 84 миллион теңге жұмсалған. Алайда бұл қаржы жөндеуге емес, желге ұшты дейді тұрғындар. Өйткені құрылыс сапасыз жүргізіліп, жасалған орындық пен шамдарының барлығы қирап қалған. Ал жауаптылар «бәріне ауа райы кінәлі» деп отыр.

Гүлзар өте қорқынышты жағдайда. Бұрын жиі баратынмын. Қазір ол жерге барып серуендеудің өзі өміріңе қауіпті. Қай жері құлап кетер екен деп алаңдайсың, - дейді қала тұрғыны Диана Петрова.

Өйткені былтыр жазда саябаққа кіреберістегі арканың сырты опырылып, маңдайшадағы жазулары желге ұшқан. Ал субұрқақтар мен амфитеатрдағы орындықтарға мердігер тіпті жөндеу жасамай, сол қалпы тастап кеткен. Сол кемшіліктерін былтыр жазда қайта қалыпқа келтірді дейді шенеуніктер. Алайда гүлзардың қазіргі күйіне жауап беретін ешкім жоқ болып шықты.

«Мердігер мекемеге келісімшарт негізінде ешқандай шара қолдана алмаймыз. Өйткені келісімшарт – бір жыл ғана. Ешкімнен сұрай алмаймыз. Себебі жел бар, ағаш та құлайды, сымдар үзіледі, сондайлар болып тұрады», - дейді Ақтөбе қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Серік Дәулетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама