×

Тәліптер Қазақстанда жұмыс істейтін болды

Олармен сауда экономикалық байланысты нығайту маңызды

 Дәурен Ерболат 17.04.2023 | 17:36
фото: gov.kz

Астанадағы Ауғанстанның Қазақстан елшілігінде тәліптер жұмыс істейтін болды. Бұл туралы Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің (Тәліптер, – автор) дипломаттарын аккредиттеу туралы өтінішке жауап ретінде біз оң шешім қабылдадық. Осыған байланысты жағдайды түсіндірейін. Алдыңғы режимнің құлдырауымен 2021 жылғы тамызда «билік вакуумы» пайда болды. Ауғанстан Ислам Республикасы шетелдегі елшіліктері бұл мемлекеттің атынан өкілдік етуді тоқтатты. Әрине, жағдай күрделі. Алайда аса ерекше емес.

Тарихта бірқатар мемлекеттегі биліктің ауысының көптеген мысалы бар. Өз кезегінде бұл жаңа биліктің заңдылығы мәселесін тудырады», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қазақстан Ауғанстанмен тығыз байланыс орнатуға ниетті.

Ең алдымен мемлекет басшысының 2021 жылғы қыркүйекте Талибан билікке келгеннен кейін Ауғанстанды қазіргі жағдайдағы қиыншылықпен бетпе-бет қалдырмау туралы сөзін еске салғым келеді. Президенттің ынтымақтастықтың гуманитарлық құрамдас бөлігіне көңіл бөлгеніне назар аударамын.

Мысалы, Ауғанстанда тұтынылатын ұнның 90%-ы Қазақстан ұны екені бәріне белгілі. Дәл осы гуманитарлық аспект премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Кабулға сапарының басты назарында болды», - деді СІМ-нің ресми өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама