×

Германия атом электр станциясынан толығымен бас тартты

Emsland, Isar 2 және Neckarwestheim жабылды

 Дастан Жұмабекұлы 17.04.2023 | 16:01
фото: ашық дереккөз

Германияда қалған соңғы 3 атом электр станциясы жұмысын тоқтатты.

CNN телеарнасының хабарлауынша, елдегі соңғы АЭС-тің жабылуымен 60 жылдан аса уақытқа созылған атом энергетикасының дәуірі аяқталды. 

2000 жылы Германия Үкіметі елдегі атом электр станцияларын кезең-кезеңімен тоқтатуға уәде берген еді. Бірақ 2009 жылы жаңа Үкімет атом энергиясын жаңартылатын энергияға көшкенге дейін пайдалану керек деп шешкен. 2011 жылы жер сілкінісі мен цунами салдарынан Жапонияның Фукусима атом электр станциясының үш реакторы өртеніп, ядролық апат болуы мүмкін емес деген кепілдік сенімсіз екенін дәлелдеді, - делінген хабарламада.

Сол кездегі Германия канцлері Ангела Меркель мұны «Жапония үшін үлкен апат және әлем үшін бетбұрыс» деп атады. Осыдан кейін елдегі АЭС-тер дереу тоқтатыла бастады.

Осылайша, ГФР-да Emsland, Isar 2 және Neckarwestheim электр станциялары жабылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама