Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда, барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды
Жаңаөзенде жарылыс салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 4-ке жетті, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, құтқарушылар үйінділерден тағы 3 адамды (ер адам, әйел адам және бір бала) тірідей алып шыққан.
Сондай-ақ 11-45-те үйінділердің астынан әйелдің денесі алып шығарылды. Осылайша, қазіргі кездегі жағдай бойынша үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шағарылды.
Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда, барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.
Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстарға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам (құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер) жұмылдырылған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жаңаөзенде жарылыс болып, 11 адамның зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан зардап шегіп, үйсіз қалған жаңаөзендіктерге пәтер беретін болды.