×

Қазақстан гимнастшылары Әлем кубогында екі медаль алды

Спортшылар шығыршық жаттығуының финалында 28,15 ұпайды иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 17.04.2023 | 11:13
фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстаның Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өткен Әлем кубогы үшін турнирде Қазақстан құрамасы екі жүлдені жеңіп алды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бұл сында спортшыларымыз командалық жарыста күміс және қола медаль иеленді.

Көркем гимнастшылар шығыршық жаттығуының финалында 28,15 ұпаймен екінші орынға ие болды. Қазақстан командасының құрамында Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Қадір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман өнер көрсетті.

Алтын жүлдені Қытай елінің гимнастшылары алды. Олар 33,40 ұпайға ие болды. Қола медаль алаң иелеріне бұйырды (27,95 ұпай).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама