Елордада 2-ауысымда оқитын оқушылар мен студенттерге де сабақ болмайды
Қалада ауа райы қолайсыз
Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар мен студенттерге де сабақ болмайды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
Биыл 17 сәуірде ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін қалада автобустар кешігетіні хабарланған. Сондай-ақ кеше бірінші ауысым оқушылары мен студенттеріне офлайн сабақ болмайтынын жазған болатынбыз.