Республикалық тасжолдардың 15 учаскесіне шектеу қойылды

Дастан Жұмабекұлы

Өткен тәулікте жол мамандары қар құрсауынан 65 көлікті шығарды

фото: ашық дереккөз

Кешеден бері көптеген өңірде қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

«ҚазАвтожол» АҚ-тың хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу қойылды. Республикалық желіде 500 арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.

Өткен тәулікте жол мамандары қар құрсауынан 65 көлікті шығарды.