Оқыс оқиғадан 11 адам зардап шеккен
Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінде Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Облыстық ТЖД Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрды, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ жедел желі де іске қосылды: 8/7292/31-90-99.
Айта кетейік, Жаңаөзенде жарылыс болып, 11 адам зардап шеккен еді.