×

Қазақстан мен Иран президенттері телефон арқылы сөйлесті

Президенттер бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады

 Халық үні 15.04.2023 | 10:09
Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда

Президенттер бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Тараптар Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндік мол екенін атап өтті.

Бұдан бөлек өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама