Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалды Алматы маңындағы 2 мың гектар жерінен айырылды

Халық үні

Аталған жалпы ауданы 2 мың га жер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан

Фото: kaztag.kz

Әлия Назарбаева мен оның жиені Қайрат Сатыбалды Алматы маңында 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды KazTAG

Алматы облысының прокуратурасы Өңірлік қадағалау органы Назарбаева мен Сатыбалды иелігіндегі жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарғанын растады. 

Аталған жалпы ауданы 2 мың га жер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.