×

Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген кәсіпкер жазаға тартылды

Ол талапқа сай келмейтін техниканы сатқан

 Дәурен Ерболат 13.04.2023 | 16:35
Фото: androidinsider.ru

Алматыда заңның талаптарын орындамаған кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.

Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде КО ТР 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» талаптарына және «Техникалық реттеу туралы» заңның 35-бабына сәйкес келмейтін, яғни сатылған тауардың шығу қауіпсіздігін растайтын құжатсыз, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану құжаты жоқ және өнім айналымының бірыңғай белгісімен (ЕАС) таңбаланбаған смартфонды сату фактісі бойынша «Бугубаева» ЖК-ге жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде «Техникалық реттеу туралы» заңның 35-бабы 1, 2-тармағының бұзылғаны анықталды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 415-бабы бойынша жеке кәсіпкерге 336 375 теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама