Ресейде қала әкімшілігі ғимаратын өртегендер 19 жылға сотталды

Дастан Жұмабекұлы

Бас бостандығынан айырылған азаматтар - музыканттар

фото: ашық дереккөз

Ресейде Челябі облысы Бакал қаласының әкімшілік ғимаратын өртеген өнерпаздар 19 жылға сотталды.

Музыкант Роман Насрыев пен Алексей Нуриев өртеп жіберген ғимаратта әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу бойынша жұмыс жүргізілген болатын.

Бұл – бүгінге дейін әскери комиссариаттарға қатысы бар ғимараттарды өртеген адамдарға тағайындалған ең ауыр жаза болып отыр.

Сотталған музыканттар бұрын Росгвардия мен Төтенше жағдайлар министрлігінде жұмыс істеген.