Қызылода облысындағы төбелес: дәрігерлер түсінік берді

Дәурен Ерболат

Әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап жатыр

Фото: ТАСС

Дәрігерлер Қазалыда жасөпірімдер арасында болған төбелестен зардап шеккен баланың денсаулығына қатысты мәлімет берді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Қазалы ауданында жасөспірімдер арасындағы төбелес салдарынан зардап шеккен баланың денсаулығына байланысты әлеуметтік желіде түрлі пікір айтылып жатыр. Оның ішінде баланың жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқаны жөнінде де ақпарат бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды, тек қана ресми құзырлы мекемелер мәліметіне жүгінуді сұрайды, - деп жазылған хабарламада.

9 сәуір кешкі сағат 19:00-дегі мәлімет бойынша жасөспірімнің жағдайы тұрақты ауыр.

Динамикада асқынусыз, жақсарып келеді. Есін анық біледі, сұрақтарға жауап береді. Аздаған бас ауруына шағымданады, жалпы әлсіздік басым. Дене қызуы қалыпты. Лабораторлық зерттеулерде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы дәрігерлерінен тұрақты кеңес алынып отыр. Еміне коррекция жасалып жатыр, - деді дәрігерлер.

Еске салайық, 6 сәуірда Қызылорда облысында жасөспірімдер арасында төбелес болып, күдіктілер полицияға жеткізілген еді.