×

АҚШ президенті Тоқаевқа құттықтау жолдады

Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр

 Халық үні 04.12.2021 | 14:54
Джо Байден, фото: Mark Makela / Getty Images

АҚШ президенті Джозеф Байден Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымна орай құттықтау жолдады.

Қазақстанның Орталық Азияда және бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын, – делінген АҚШ президентінің құттықтауында.

Оның пікірініше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Fзия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша «Қазақстанның орасан зор күш-жігерін» жоғары бағалады.

АҚШ Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті, - деп мәлімдеді АҚШ Президенті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама