Астанада із-түзсіз жоғалған 12 жасар бала 2 күннен кейін табылды

Халық үні

7 cәуірде Икар Сейітжан үйден шығып, Егемен Қазақстан көшесіндегі 15-үйге кітап алуға кеткен

Астанада 2 күн бұрын жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды.

7 cәуірде Икар Сейітжан үйден шығып, Егемен Қазақстан көшесіндегі 15-үйге кітап алуға кеткен. Содан кейін бала үйіне қайтып оралмаған. Оны сол күні №8 мектеп-лицейінің жанынан көргендер болған.

Балаға іздеу жариялаған астаналық клуб еріктілері оны бүгін тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.