×

Павлодар облысында ер адам анасын өлтіріп, кейін өзіне де қол салды

Ер адам дәрігерлерге анасын пышақтап, сосын өзіне қол салмақ болғанын айтқан

 Халық үні 08.04.2023 | 20:47
ашық дереккөзден

Павлодар облысы Тереңкөл ауылының тұрғыны анасын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы және жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

4 сәуір күні таңертең жедел жәрдем станциясына Павлодар облысы Тереңкөл ауылынан қоңырау түскен. Оқиға орнына барған дәрігерлер 1961 жылғы әйелдің мәйітін тапқан, марқұмның денесінде пышақ іздері болған. Дәрігерлер ауыл тұрғынының өлімін тіркеді.

Сондай-ақ үйде 1987 жылы туған ер адам болған, ол өзіне пышақ салып, сол жақ білегін жаралаған. Ол орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, оған операция жасалды.

Ер адам дәрігерлерге анасын пышақтап, сосын өзіне қол салмақ болғанын айтқан.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама