Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты

Халық үні

Сыртқы істер министрінің екі орынбасары тағайындалды

Шахрат Нұрышев, фото: gov.kz

Ғабит Қойшыбаев Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылып, Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Шахрат Нұрышев ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымын атқарған Ақан Рахметуллин ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына Әділ Тұрсынов тағайындалды.