×

Астанада терроризмді насихаттаған шетел азаматы сотталды

Ол діндар адамдар арасында қарулы жиһадта соғысу идеяларын насихаттаған

 Дастан Жұмабекұлы 08.04.2023 | 11:07
фото: ашық дереккөз

Астана қаласында 1997 жылы туған Тәжікстан азаматы М-ға қатысты сот үкімі шықты.

Терриризмге қарсы орталықтың хабарлауынша, сотталған Тәжікстанның азаматы діндар адамдар арасында қарулы жиһадта соғысу  идеяларын насихаттаған. Сонымен бірге ол террористерге ақша аударып отырған.

Соттың үкімімен шетелдік азамат кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 256 және 258 баптары («Терроризмді насихаттау», «Террористік әрекетті қаржыландыру») бойынша 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама